ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Жыл басынан бері, облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен жер учаскелерін пайдаланбаған (игермеген) немесе жерді заңнаманы бұза отырып пайдаланған тұлғалардың жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою жөнінде сотқа 17 талап-арыз беріліп,
13-і бойынша сот шешімі қабылданды.
Нәтижесінде, 2705,8 гектарды құрайтын 11 жер учаскесі мәжбүрлеп алынды. 2 іс қанағаттандырусыз қалдырылса, 4 іс қазіргі таңда қаралуда.
Сол себепті, қызылордалықтар, алаяқтардың арбауына түсіп, құжаты жоқ, немесе жекешелендірілмеген жер учаскелерін сатып алмауға, сондай-ақ, құжаттарын заңға сәйкес рәсімдемей үй, ғимарат салуға болмайтынын хабарлаймыз!