Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕ ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕ ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

    Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында 287,4 келі балық аулап, табиғатқа елеулі зиян келтірген 2 азамат құрықталды.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылғы 15 қыркүйекте Арал ауданы, Кіші Арал теңізінің күн шығыс жақ бетіндегі су жағалауында рұқсатсыз балық аулап жүрген 41 және 46 жастағы 2 азамат ұсталды. Олардың қайықтарынан көксерке, жайын, табан, торта балықтары анықталды. Тексеру барысында ұсталған азаматтар 900 метрлік жіп аумен балық аулағандары белгілі болып, анықталған аулау құралдары тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Егер де ұсталғандардың қылмыстық әрекеті дәлелденсе, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айрылады. Сондай-ақ, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
04 қазан 2017 ж. 2 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам