СҰЛТАН БЕЙБАРЫС КӨШЕСІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Осыған орай, бюджеттен 246 млн теңге қаралып, жолды кеңейту жөнінде шешім қабылданды. 18 қыркүйекте құрылыс жұмыстары басталды.
"Жолдың жөнделетін бөлігі 1,7 шақырым, жалпы ені 14 метрді құрайды. Мердігері УАД" ЖШС-і. Жол кеңейіп, 4 жолақты болды. 5 қарашаға дейін толық пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, белгіленген уақытынан ерте аяқтауда", - деді облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов.
Бүгінде Сұлтан Бейбарыс көшесінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.