ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының» ұйымдастыруымен "Мемлекеттік басқарудағы жоба менеджменті" тақырыбында 40 сағаттық семинар өткізілді. Бұл шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес жобалық басқару негіздері бойынша тыңдаушыларға қажетті бастапқы білім беру, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асырудың тетіктерімен оларды таныстыру мақсатында қолға алынды.
Семинар аясында «Латын әліпбиі – уақыт талабы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Семинарға 21 мемлекеттік қызметші қатысты. Іс-шараны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Абасилов өзі бастап, семинарға қатысушы мемлекеттік қызметшілермен өзара пікір алысты.