БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен Қалалық білім бөлімінде, қаладағы барлық орта мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерімен кездесуі өткізілді.
Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев қатысып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарында баяндама оқылып, қатысушылардан туындаған өзекті сұрақтарға жауаптар берілді және тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілді.