ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
1 қазан – Халықаралық қарттар күні және ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі С.Мақашов ардагер ұстаздар мен білім саласында еселі еңбек етіп жүрген мұғалімдерді қабылдады.
Салтанатты қабылдауда аудан әкімі ұстаздар қауымын мерейлі мерекелерімен құттықтап, аудан бойынша білім саласындағы жетістіктерге кеңінен тоқталды.
Шара абарысында аудан басшысы кейінгі жастарға өнеге боларлық 6 ардагер ұстазға ерекше ілтипат көрсетсе, бірқатар ұстаздарға «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтар табыстады. Ұстаздарға арналған жылы лебіздер, ізгі тілектер еселей түсіп, жыл сайын қоңыр күзде келетін ұстаздар мерекесі мерекелік ән шашумен жалғасты.