Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЛМАТЫДА 45 КҮН БҰРЫН ПОЙЫЗҒА БИЛЕТ ТАБА АЛМАҒАН СТУДЕНТТЕР ЖАНАЙҚАЙЫН АЙТТЫ

АЛМАТЫДА 45 КҮН БҰРЫН ПОЙЫЗҒА БИЛЕТ ТАБА АЛМАҒАН СТУДЕНТТЕР ЖАНАЙҚАЙЫН АЙТТЫ

STAN хабарлайды:
Бір топ алматылық студент қысқы каникулға ауылдарына билет ала алмай жүргендерін айтып, "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылығына хат жолдады.

Студенттердің пайымдауынша, 45 күн бұрын сатылымға шығарылатын билеттер айналдырған 1-2 сағаттың ішінде "өтіп кеткенге" ұқсайды.

"Жолушылар билетін бұрыннан бері интернет арқылы алып жүрміз. Сондықтан бұл жүйе бізге жақсы таныс. Алда мереке күндері сәйкесінше, демалыс жақындап қалды. Билет сату жүйесі 45 күн бұрын билеттерді сатылымға шығара бастайды. Алайда, 29 желтоқсанға билет жоқ. Жүйе "орын жоқ" деп көрсетіп тұр. Алматыдан кез келген бағытқа билет жоқ. Сонда қалай? Билеттердің онлайн-сатылымының ашылғанына небары 1-2 сағат өтті", - деп жазады студенттер "Жолаушылар тасымалы" компаниясы басшылығына.

Билет таба алмай сандалған студенттер жол құжатының әдейі сатылмай отырғанын алға тартады.

"Билетті бәлкім, сатып алып, қайта сату үшін жасап отырған болар. Жеке мақсатты көздегендер жүйені әдейі бұғаттап отырған болуы мүмкін. Осы күндерге сұраныстың артатыны белгілі, үстінен пайда көргісі келетін шығар", - дейді Алматыда білім алып жатқан студенттер қауымы.

Олар "Жолаушылар тасымалы" басшылығынан осы мәселені шешіп беру үшін көмек сұраған.

Өз кезегінде, хат келіп түскен "Жолаушылар тасымалы" компаниясының ғаламтордағы парақшасында қысқа жауап қайтарған.

"Сіздің шағымыңыз бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Оқиғаның мән-жайы анықталған соң, сізге жауап берілетін болады", - делінген компанияның жауабында.
19 қараша 2018 ж. 1 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам