НҰРТӨРЕ ЖҮСІП - «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ»
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп – қатардағы қарапайым тілшіден бастап Бас редакторлыққа дейінгі баспалдақтың барлығынан өткен, қаламы қуатты, сөзі уәлі, аузы дуалы журналистердің бірі.
Еліміздегі маңдайалды басылымдардың барлығында қызмет істеді. Павлодар облыстық«Қызыл Ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінен басталған еңбек жолы ел газеті«Егемен Қазақстанда» жалғасты. Аймақта жүрген қаламгердің қарымы мен қабілетінбайқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға, бас басылымға арнайы шақыртады. «ЕгеменҚазақстан» газетіндегі еңбегі де еселі болды. Бас редактордың орынбасарылауазымына дейін көтерілді. Одан соң нарық қыспағында қалып, күйі кетіп тұрған«Жас Алаш» газетінің Бас редакторлығына тағайындалады. Осы жерде Нұртөреніңқаламгерлік қырымен қатар ұтқыр ұйымдастырушы ретіндегі бейнесі де анықкөрінді. Себебі айналасы аз уақыттың ішінде газеттің тиражы еселеп өсіп, ондажарық көрген мақалалар қоғамда қызу талқыланып, қозғалған проблемалар шешімінтауып жатты. Бүгінде оның тәлімін алған журналистер еліміздің медиа нарығындағыбеделді өкілдеріне айналып, белді орындарда қызмет атқарып келе жатыр.
«Жас Алаштан» соң«Егемен Қазақстан» газетінің Бас директоры, «Астана ақшамы» газетінің Басредакторы секілді қызметтерді атқарды. Соңғы он жыл шеңберінде «Айқын»газетінің басшылығында жұмыс істеп келеді.
Қаламгердің «Біз кімненкембіз?», «Елес пен белес», «Тәуелсіздік лебі: ел мен жер», «Мың құмырсқа жәнебіз» атты кітаптары оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген, қоғамныңқызығушылығын туғызған туындылардың қатарына жатады.