ДОСТЫҚ АДАМНЫҢ ҚАРТАЮЫН ТЕЖЕЙДІ
Қоғаммен қарым-қатынас жасап, өзге адамдармен көп сөйлескен адамның қартаюы тежеледі екен. Аталған тұжырымды АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университеті ғалымдары жасап отыр.Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Зерттеушілердің сөзінше, адамның өзгелермен достық қарым-қатынасы мидың қартаюын тежейді екен. Сонымен қатар, жақсы әлеуметтік орта Альцгеймер және Паркинсон секілді күрделі нейродегенеративті аурулардың өршуін төмендетеді.
Арнайы зерттеу көрсеткендей, 80-96 жастағы денсаулығы жақсы қарттардың бірнеше достары бар және олар қоғаммен жақсы араласады екен. Ғалымдар сананың қартаймауы үшін достықтан бөлек: дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты, жақсы қызмет саласы секілді бірнеше факторлар әсер ететінін атап өтті.