Тергеу изоляторындағы сайлау құқығы бар Қазақстан азаматтары дауыс берді
9 маусым Қазақстан Республикасы Президентін сайлауы күнінде ЗК-169/1 тергеу изоляторы мекемесіндегі сайлау құқығы бар Қазақстан азаматтары дауыс берді.
Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын өткізуге байланысты Қызылорда облысының аймақтық сайлау комиссиясының келісімімен №235-сайлау учаскесі ЗК-169/1 мекемесінде құрылды. Тергеу изоляторларына қамауға алынған, белсенді сайлау құқықтары бар Қазақстан Республикасының азаматтарының тізімі жасалды. Нәтижесінде 9 маусымда 124 арнайы контигент өз даусын берді. Сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде Ресей Федерациясынан халықаралық бақылаушы – Лев Тарских болды. Бақылаушылар тарапынан дауыс беру барысында ескерту болған жоқ.