ҚЫЗЫЛӨЗЕКТЕ – ЖАҢА ӘКІМ

Қалаға қарасты ауылдық округ әкімі болуға екі үміткер ұсыныс білдірген еді. Осы уақытқа дейін қос үміткер – Сәкен Әбдіжаппар мен Асқар Бердалиевтің сайлауалды бағдарламалары депутаттар алдында тыңдалды. Олар ел дамуына өз үлестерін қосып жүрген азаматтар екенін көпшілік жақсы біледі.
Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқарбек Есжанов әкiмдер сайлауында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында белгiленген сайлау рәсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылғанын атап өтті.
Сайлау нәтижесі бойынша басым дауыспен халық қалаулылары сеніміне ие болған үміткер Сәкен Әбдіжаппар Қызылөзек ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Ал, осы айда Талсуат ауылы әкімінің сайлауы өтеді деп жоспарлануда.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ