Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Спорттық мектеп-интернат-колледжге екі автокөліктің кілті табысталды

Спорттық мектеп-интернат-колледжге екі автокөліктің кілті табысталды


Бүгін аймақ басшысы аталмыш мектеп-интернат ұжымы мен студенттерін білім күнімен құттықтады.
Халықаралық білім күні қарсаңында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов даңқты батыр Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат болып 2001 жылы Қызылорда облысында тұңғыш рет ашылған бүгінгі мектеп-интернат-колледждің тарихы терең екенін атап өтті.
«Мектеп-интернат өзінің өсу-өркендеу жолында бүгінгі тәуелсіз елдің белгілі спортшыларын оқытатын, тәрбиелейтін колледж дәрежесіне дейін көтерілді. Мектеп интернаттан есімдері елге танымал Әлем, Азия чемпиондары мен Олимпиада жүлдегерлері түлеп шықты. Олар: ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Зайчиков, Олимпиада ойындарының қатысушылары, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов, еркін күрестен 3 дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков, дзюдодан жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы, тұңғыш Әлем чемпионы Бауыржан Жауынтаев, еркін күрестен Олимпиада ойындарының қатысушысы Ғалымжан Өсербаев, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының қатысушысы Қуаныш Рахатов сынды спортшыларды мақтанышпен айта аламыз. Жетістіктерге келсек, 2018-2019 оқу жылында мектеп-интернат оқушылары республика чемпионаттарында 111 медаль иеленді. Биылғы жылы 5 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 40 спорт шеберлігіне үміткерлер дайындалып, ұлттық құрама команда сапына 32 оқушы енді», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, биыл Қазақстан Республикасының ІХ жазғы мектеп және колледж оқушылары арасындағы спартакиадада мектеп – интернат – колледж оқушылары спорт түрлерінен 57 медальға қол жеткізді. 2018 жылы Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен ІІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында мектеп-интернат оқушысы байдарка және каноэде есуден Диас Бахрадин алтын жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Сәпи Есенгелді мен Бекболат Рахат жеңімпаз атанды.
Қуанышбек Ысқақов мектеп-интернат басшылығына екі автокөліктің кілтін табыстап, жөнделген ғимараттарды қарап шықты.
Білім ордасында «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» мамандығы бойынша 40 студент білім алумен қатар спорттық шеберліктерін шыңдауда.
Бүгінгі таңда оқушылардың білім алуы мен спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мақсатында мектеп-интернат-колледжге, яғни жатақхана, асхана, оқу орталығы мен әкімшілік бөліміне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
30 тамыз 2019 ж. 1 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 072 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам