Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаппай жылаған бірінші сынып оқушылары желіні шулатты (видео)

Жаппай жылаған бірінші сынып оқушылары желіні шулатты (видео)


Ғаламторда жаппай жылаған мектеп оқушыларының видеосы кең тарап кетті. Олардың шамамен бірінші сынып оқушылары болуы мүмкін деп жазады
KAZ.NUR.KZ.
Бейнеролик Instagram-дағы almaty_chp парақшасында жарияланды.
Кадрда мектеп формасын киген кішкентай балақайлардың жылап-сықтап, айналасына қорқынышпен қарағанын көруге болады.
Видео шамамен 1 немесе 2 қыркүйек күні түсірілген.
Бірнеше ересек әйел адамдар, шамамен мұғалімдер, бірінші сынып оқушыларын сабырға шақырмақ болған. Алайда сәтсіз. Роликтің соңында қыздардың бірі оқытушыға жақындап, анасына барғысы келетінін айтады.
Видеоның нақты қай жерде түсірілгені белгісіз.
Кейбір пікір жазушылар өздерінің мектеп кездерін еске алды.
"Өте аянышты! ", "Білмеймін", Біздің мектепте ондай болмаған. Демек, ата-аналар балаларын үйде дайындамаған", "5 жаста 0 сыныпқа жіберіледі, балалар бұл жаста ондайға дайын емес, 6 жасында 0 сыныпқа барса, бала бәрін жақсырақ түсінеді. Ал 5 жаста олар мұны қаламайды"
"Министрлер күн сайын келіп-кетіп жатыр. Әрқайсысы өз шаруасымен әлек. Ал балалар жапа шегу керек", - деп жазды желі қолданушалары.
Басқалары бір партада үш баладан отырғанын көріп, сыныптың олар үшін тым тар екенін сөз етті.
"Бір партада үш баладан? Балалар үшін артық парта табылмады ма?", "Парта екі адамға қарастырылған. Олар бір-біріне кедергі жасап, дұрыс жаза алмайды ғой", - деп жазды желідегілер.

04 қыркүйек 2019 ж. 1 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 535 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30