«Отбасылық сот» жобасының пайдасы мол
«Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағида қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. Бүгінгі күні қоғамымызда отбасына қатысты дау дамайлар жетерлік. Сондықтан отбасыларды сақтап, олардың құқықтық мәселелерін өз деңгейінде шешу үшін елімізде «Отбасылық сот» пилоттық жобасы құрылуда.
Яғни еліміздегі ажырасу деңгейін төмендету, отбасына қатысты дау жанжалдардың алдын алу, ерлі-зайыптылардың татуласуына құқықтық органның септігін тигізу және тағы басқа мәселелерді тиімді шешу үшін аталмыш жобаның қажеттілігі сезілуде.
Барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алады. Көшеде, қоғамдық орындарда орын алатын қатігездіктің түп тамыры отбасында болған жағдайлардың көрінісі. Яғни «отбасылық сот» жобасы қоғамымыздағы қылмыстардың алдын алуда да белгілі бір дәрежеде өзінің оң ықпалын тигізеріне үмітіміз зор. Қоғамымызда ажырасу мен некесіз дүниеге келетін балалар санының көбейгендігі, әрбір үшінші отбасының шаңырағы шайқалып жатқандығы, отбасылық зорлық-зомбылық оқиғаларының жиілеуі мамандарды алаңдатып отыр. Сондықтан «отбасылық сот» пилоттық жобасы көптеген мәселелердің шешімін табуына әсер етеді деп күтудеміз.
Т.АЛТЫНБАЕВА,
Қызылорда қаласының №2 сотының
жетекші маманы
Қызылорда қаласының №2 сотының
жетекші маманы