Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОТБАСЫЛЫҚ ЖАНЖАЛ НЕДЕН ТУЫНДАДЫ?

ОТБАСЫЛЫҚ ЖАНЖАЛ НЕДЕН ТУЫНДАДЫ?

     «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» демекші бәленің бәрі тілдей жарты парақтан басталды. Әуелде, Зәурештің орынсыз қызғанышынан тұтанған кішкене от үлкен жалынға айналғандай болды. Себебі, өмірлік жолдасы – Қасымның атына келген жеделхаттан бастау алған шытырман оқиға соңында екі жастың ажырасуына дейін алып барды. Ұрысты, бір-бірін жазықсыз кінәлады, жылады. Соңында кешірді. Өйткені, бәрі Зәуреш ойлағандай емес еді. «Қарсы ал!» деген екі ауыз сөз жазуы бар хабарламаның иесі Қасымның көңілдесі емес, қарындасы екенін білгенде Зәурештің түрі өрт сөндіргендей қызарақтап кетті. Не күлерін, не жыларын білмей әлек.                           Бұл – жаңадан отау құрған жас жұбайлардың қарым-қатынасына негізделген «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» комедиясының қысқаша сюжет желісі еді.                                                                                                                    
       Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында аталмыш спекткльдің тұсаукесер рәсімі өтті. Мұхаметқали Қасеновтың комедия жанрындағы төл туындысында ажырасу, ерлі-зайыптылардың бір-бірін сыйламауы, отбасындағы мәселелерді шешу жолдары кеңінен көрініс табады. Ал, жеңіл әзілмен үйіре отырып, астарында үлкен отбасылық мәселені көтеретін қойылымды тамашалауға келген көрермен қарасы қалың. Спектакль Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымовтың режиссерлігімен көпшілікке жол тартты. Ал, музыкасын құрастырған Рүстем Ізтаев пен театрдың балетмейстері Маржан Әбішова қойылымға жаңа заманға сай жаңаша леп беріп, түрлендіре
   Өнерсүйер қауымды күлдіре отырып, үлкен танымдық ой тастаған қойылым осылайша жұртшылық жүрегінен жол таба білді. Ал, басты рөлдерді шебер сомдап, спектакль мазмұнын жоғары деңгейде аша білген  Зарина Кенжеәлі, Арай Көшімбаев, Бауыржан Ошақбаев, Ақтолқын Төлеуова, Қанат Архабаев сынды әртістер тобына зал тік тұрып, ерекше қошемет көрсетті.                   
         Айта кетейік, тұсаукесер барысында театр ғимаратының бірінші қабатында аталмыш қойылым желісіне құрылған жастар труппасының фотокөрмесі ұйымдастырылды.      
                                                                                                Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
22 мамыр 2018 ж. 1 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам