ЖАЗИРА БАЙЫРБЕКОВА ӘПКЕСІМЕН БІРГЕ БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРДІ
Жазира Байырбекова алғаш рет үлкен сахнаға өмірлік қосағымен шығып танылды. Елдің ықыласына бөленген жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираны танымайтын қазақ кемде-кем. Алайда алдағы уақытта отбасылық дуэттің құрамы өзгеріп кетсе, таңғалмаңыз. Себебі Байырбекова бүгінде туған әпкесімен бірге сахнаға шығып жүр, деп хабарлайды Stan.kz.
Жазираның әпкесі Ләззат Байырбекова да әнші. Бір кездері Байырбековалардың үлкені өнерге қадам басып, қазақ эстрадасына сіңісіп кетуге тырысқан. Алайда көп ұзамастан әншілікті тастап, басқа салаға кеткен.
“Осыған дейін Лаззат “Қамарсұлу” болып саxнаға шығып жүрді. Мұндай саxналық есімді қойған еліміздегі талантты продюсер Жан Мұқанов болатын.Бір жағдайларға байланысты Лаззат продюсермен жұмыс істемейтін болды. Лаззатқа продюсерлік етіп жүргенде қамқор болып,Лаззаттың өнерінің шыңдалуына үлесін қосқан Жан Мұқанов досымызға алғыс айтамын! Қазір Лаззат Алматыда. Өз шығармашылығын одан әрі шыңдауға кірісті.
Жақында Жанболаттың рұқсатымен Лаззат, Жазира Байырбековалар болып бейнебаян түсірдік. Бірақ бұл ылғи дуэт боламыз деген сөз емес. Ары қарай Лаззат Байырбекова жеке әншілігін жалғастыра береді. Бауырыма үлкен өнер жолында табандылық пен сәттілік тілеймін! Аллам жар болсын!” – дейді Жазира.
Жуырда апалы-сіңлілі Байырбековалар “Қазақ қызы” атты әнге бейнебаян түсірген. Оны жақын арада тамашалайтын боламыз.