Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сүгір жыраудың немересі Төреғали Төреәліні сотқа бермек

Сүгір жыраудың немересі Төреғали Төреәліні сотқа бермек


Бұл туралы Жәнібек Сүгіров редакциямызға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұдан бұрынғы сұхбатта ол «Төреғалиды сотқа беріп, ақша өндіреміз деген мақсат жоқ» деген еді. Алайда бүгін ол әншіге ренжулі. Өйткені, бұл тақырыптың көтерілгеніне біраз уақыт өтсе де, «Ұлы дала баласы» жыраудың ұрпағына хабарласып мәселені шешпеген көрінеді.
Десе де, әлеуметтік желіде 3 миллионнан астам фоллоуері бар Төреғали Төреәлінің маңғыстаулықтардан «керек болса кешірім» сұраған жазбасы көпшілікке мәлім болар.
Онда былай делінген:
«Жақында тәуекел деп нарыққа «TÓRESH» шәйінің шыққанын білесіздер. Соның жарнамалық ролигине ардақты ата-анамды, аяулы жарымды Сүгір атамның әйгілі терме-мақамымен жарыққа шығарған едім. Соған еліміздің Батыс өңіріндегі ағайындар аздап кейістік білдіріпті,өте дұрыс қабылдадым. Ғасырлап келе жатқан атамыздың ол шығармасының тұнығының шайқалмауын мен де қалаймын, оған мүдделімін! Жалпы менің мектеп жасынан бастап айтысқа шыққанда тіліме орала кететін осы мақам болатын,сонымен айтысты бастадым,берекесін көрдім,тойға барып осы шығармамен талай топтың батасын алып,абыройлы болдым. Қолыма домбыра түссе орындай кететін екі-үш шығармамның бірі болғандықтан,өзім іштей жақсылыққа балап алғаш бастап жатқан аз-маз бизнесімнің де ролигіне кішкене үзігін пайдаланғаным рас. Осыдан аз уақыт бұрын «Домбыра» деген атпен,құтысын да соған ұқсатып арақ шығарып,мойнына әнұран іліп қойғанын да шыққыр көзіміз көрді! «Асанәлі» деген коньяк, «Бибігүл» деген вино шыққанда да сабыр еттік, ендеше шәйдің осындай кішкене дүниесі үшін маған ашуланған кісілерден керек болса кешірім сұраймын, мүмкін қайта жасармыз, бірақ жерден жеті қоян тапқандай табалай кетуден аулақ болайық!»
Осы жазбадан кейін Сүгір жыраудың ұрпағы әншінің «жерден жеті қоян тапқандай» деген тіркесі көңіліне қатты тигенін айтады.
— Төреғали жазбасында атамыздың термесін жақсылыққа балап жарнамасына қолданғанын айтты. Қай қазақ жақсы көрмейді Сүгірді? Барлығы жақсылыққа балап термені өзгерте берсе, түпнұсқадан айырылуымыз да ғажап емес. Ол терменің дұрыс дәріптелуіне біздер жауаптымыз. Ал әншінің жеке кәсібіне ешқандай қарсылығым жоқ, аяқтан шалу деген ой жоқ. Қате түсінбесін, — дейді Жәнібек Сүгіров.
«Сырт көз сыншы» демекші оқырман бұл жағдайға әртүрлі баға берді. Біреулер «Шайың дұрыс, бірақ Сүгірдің рухын таптама» десе енді бірі «Жарнама керемет, онда тұрған ештеңе жоқ» деп жазған.
Мәселені шусыз жапқысы келген Сүгір жыраудың немересі енді бұны заң шеңберінде шешуге бел буып отыр.
— Төреғали әрекет жасамайын деп шешкен секілді. Ақыры, ымыраға келгісі келмесе сотта кездесетін боламыз. Ал инстаграмдағы жазбасы ақталу ғана. Қазақтың берген ырзығын көтере алмай кеткен секілді…, — деп Жәнібек Сүгіров сөзін аяқтады.
Айта кетейік, жырау деген қасиетті де, ардақты атауды арқалаған Сүгір Бегендікұлының туғанына биыл 125 жыл. Ал әншінің жарнамасы 125 жылдыққа сый болды ма, әлде «ши» болды ма оны халық пайымдай жатар.


Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
01 желтоқсан 2019 ж. 1 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 048 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам