Асан Пердеш: Бірінші әйеліммен сүйіп қосылған едім, бірақ ол атағыма қызыққан екен
Жақында екінші рет отау көтерген Асан Пердеш келіншегінің 15 жаста емес, кәмілетке толғанын айтып ақталды. Өнерден алыстап қалған әнші бұған не себеп болғанын атап өтті. Бұл туралы shownews.kz сайты хабарлайды.
"Мені 15 жастағы қызға үйленді деп жатқандар көп. Бірақ менің әйелім 15 жаста емес. Ол екінші курс студенті. Тату-тәтті өмір сүріп жатырмын. Бірінші әйеліммен де сүйіп қосылған едім, алайда түсінісе алмадық. Ата-анама да ұнамады", - деді Асан.

Айтуынша, бірінші жары оның атағы үшін қызықса керек. Бірінші некесінен сабақ алған ол екінші әйелімен некелеспес бұрын ата-анасымен таныстырған. Ата-анасы қызды бірден ұнатып, батасын берген екен.
"Ата-анам егде жастағы кісілер. Сондықтан оларды, ауылды, қара шаңырақты тастап кете алмадым. Өнерден сол үшін қол үзіп қалдым. Енді қайта оралсам деймін. Сүйгенім қасымда. Қазір бәрі жақсы. Екі жақта жүрген жайым бар", - деді әнші.
Бұған дейін Асан Пердешовтің жас қызға үйленгенін жазған едік.