Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЛМАС КІШКЕНБАЕВ ӨЗІНЕ ҚАТЫСТЫ БАР ШЫҢДЫҚТЫ АЙТТЫ

АЛМАС КІШКЕНБАЕВ ӨЗІНЕ ҚАТЫСТЫ БАР ШЫҢДЫҚТЫ АЙТТЫ

   Алмас Кішкенбаев алғаш рет әйелімен заңды түрде ажырасқанын мәлімдеді. Әнші отбасындағы бұл кикілжіңнен кейін өзіне келе алмай жүргенін айтты. Ол әлі күнге дейін әйелі мен қыздарынсыз қалай өмір сүру керектігін білмейтінін айтты.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Тимур Балымбетовтің “Шыны керек” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Жүрегімде не болып жатқанын білмеймін. Сол сәт болған кезде қалай мен оларсыз өмір сүрем деген сұрақ келді. Мен ол сұраққа ешқандай жауап таба алмадым. Таба алам ба, білмеймін”, – дейді Алмас.
Кішкенбаев үшін бұл мүлде күтпеген жағдай болған екен. Есеңгіреп қалған әнші әлі күнге дейін не істерін білмей жүр. Ол бұрынғы жары Мөлдірмен ажырасуына не себеп болғанын айтпады. – Бұл мен үшін өте күрделі сұрақ. Толыққанды жауап беремін деп айта алмаймын, – деді әнші. Әйтсе де, Кішкенбаев көпшіліктің көкейіндегі сауалға нүктені былай қойды:
“Бір айтатыным, мен ешкімді тастап кеткен емеспін. Мен ешкімнің соңынан түскен жоқпын. Ешкімді іздеп жүрген жоқпын, іздемеймін де. Болды. Мен әлі күнге дейін әрі қарай қалай өмір сүру керектігін білмеймін, көріп жатырмын”.
Сондай-ақ, өнер иесі өзінің жеке өмірін талқылайтын жандарға өтініш білдірді.
“Жазса жазсын, айтса айтсын, бірақ артық әңгіме айтпаса екен. Себебі мен тірі адаммын, менің де жүрегім, сезімім бар. Мен жазылған пікірлердің барлығын оқимын. Маған тек қана жақсы пікірлер жазыңдар деп жатқаным жоқ. Әркім өзі біледі ғой. Бірақ егер жаман пікірде болса, ештеңе жазбай-ақ қойсын. Жалғыз маған емес, кез келген адамға қатысты. Біреуді жамандап, даттап немесе ойына келгенді жаза салу ешкімге де ұнамайды. Жалпы менің Instagram парақшамда жаман пікірлер жазатын оқырмандар жоқтың қасы. Сол әрі қарай жалғаса берсе екен”, – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алмас ішімдікке салынғандығы және өзіне қол салмақ болғаны жайлы айтқан еді.
10 қараша 2018 ж. 2 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам