Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Бетімен кетті": Мейрамбек Бесбаев ашық-шашық киінетін әнші аруларға шүйлікті

"Бетімен кетті": Мейрамбек Бесбаев ашық-шашық киінетін әнші аруларға шүйлікті

    Отандық танымал жұлдыздар Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Бесбаев қазақстандық эстрадада ашық образымен өнер көрсетіп жүрген әнші қарындастарына аса қатты ашулы. Ел арасында аса сыйлы әртістер жаңа буын әншілерінің мұндай ерсі тәртібін мемлекет деңгейінде қолға алу керектігін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.
Тоқтар Серіков қазақ халқының мәдениетіне жат дүниелерді балаларына да көрсетпейтінін айтты. Өнер иесі ерсі әрекеттер көрініс тапқан бейнебаяндарды көрген бетте, теледидарды өшіріп тастайтынын жасырмады.
"Жалпы жалаңаш өлең айтқандарды тыңдамаймын, жасыратыны жоқ. Мен оны балаларыма да көрсетпеймін. Болады бізде бейнебаяндарды тамашалап қарап отырамыз, аяқтары, жалаң бұттарын көрсетіп жатқан жерінен өшіріп тастаймын. Әр ұлттық өзінің мәдениеті болады. Әр ұлттың өзінің мінез-құлқы болады. Мен қазақ деген халқымның мінезіне, менталитетіне келмейтін бір дүниелер бар, соны көрсетпей-ақ қойса екен деймін" , - деді Серіков.
Ал Мейрамбек Бесбаев ашық-шашық киінетін әнші арулардың мәселесін қолға алу керек екенін жеткізді. Әнші өз кезегінде, оларды көріп қалған кезде өздеріне де айтып жүргенін мәлім етті. Алайда, жеңіл жолмен "хайп" жинайтын сылқымдар аға буынның ақылына құлақ асар емес.
"Барған жерде айтып та жүрміз. Нәтиже шықпай жатыр әлі. Бірақ бұны шында да қолға алу керек. Кәдімгідей мемлекет қолға алмаса, бетімен кетті шынымен де. Түсінбей жатырмын бұны, біз неге бұндай қадамға барғыш болып кеттік. Бұдан да шаршайтын шығар ел" , - деді Бесбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев танымал болуға құмар әншілерді сынап тастаған болатын. Әртіс жас орындаушылар өлеңін өткізу үшін мәтінге боқтық сөздерді жиі қосатынын айтты.
11 ақпан 2020 ж. 1 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 033 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам