ТАНЫМАЛ ПАРОДИСТ ОЛЖАС СЫДЫҚБЕК ҰЛДЫ БОЛДЫ
Танымал пародист, актер Олжас Сыдықбек нәрестелі болды. Олжастың жары оған екінші рет ұл сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz.
Олжас Сыдықбектің жары 15 ақпан күні босанған. Жаға туған сәбиге Байкен деп есім берілген. Бұл туралы актердің өзі Instagram парақшасында хабарлады. “Жүрекжарды құттықтау лебіздерін білдіріп жатқан аға-әпке, іні-қарындас, дос-бауырларға отбасымның атынан раxмет айтамын. Мың алғыс, сіздерге! Дүние есігін ашқан атұстарымыздың есімін Байкен деп қойдық. Жаратқан Иеден ғұмырлы, бақытты, ізгі ұрпақ қылуын жалбарына сұраймын. Кеше перзентxанадан шығарып әкеліп, үйде дастарxан жайдық.Қуанышымызбен бөлісе курстас, достарымыз келді. Байкенге арналған тілектерін айтып, студент кездегі қызықтарды еске алып, көңілді отырдық. Бүгін нағашылары келіп, қалжа жедік. Имам азан шақырып, құлағына есімін айтты. Кешке жақын ата-анамды Алматыға шығарып салдым. Көңілім қуаныштан қобалжып жүр, достар. Сіздерге көп-көп раxмет! Сіздер де нәрестелі болыңыздар! Сіздің де шаңырақта қуаныш болсын!” – деп бөлісті Олжас.Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын актердің Баймен есімді ұлы дүниеге келген еді.