Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МҰЗ ҒАЛАМШАРЫНЫҢ ҒАЖАЙЫПТАРЫ

МҰЗ ҒАЛАМШАРЫНЫҢ ҒАЖАЙЫПТАРЫ

    Оқушылар сарайында «Мұз ғаламшарының ғажайыптары» тақырыбында қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті.Оған әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер мен түрлі сайыстарда қала намысын қорғап жүрген өнерпаз өрендер қатысты. Жаңажылдық кеште балалар көрікті шырша жанында көңілді ән айтып, қызықты ойындар ойнады. Сондай-ақ, олар сан түрлі ертегі кейіпкерлерімен бірге би билеп, шат-шадыман күйге бөленді. Аяз ата мен Ақшақардың тілектерін тыңдап, тауық жылын шығарып салып, ит жылын қарсы алды.
Шара барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа жылдық жылы лебізін жеткізді.– Құрметті, жас достар! Сіздерді ертегілер әлеміне еліктірер, ғажайыптар мен сиқырға толы жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Бұл – нағыз сіздерге арналған мереке. Біз бар жақсысын балаға арнаған халықтың ұрпағымыз. Балғын балалықтың базарында бақыт шапағатына бөлене беріңіздер, – деді шаһар басшысы. Бұдан кейін барлық бала қала әкімінің қолынан мерекелік сыйлықтар алып, естелік суреттерге түсті.


Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
26 желтоқсан 2017 ж. 1 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 040 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам