САЛТАНАТ БАҚАЕВА ҰЛЫНА ҚАНДАЙ ЕСІМ БЕРГЕНІН ЖАРИЯЛАДЫ
Таяуда үшінші рет ұлды болған Салтанат Бақаеваны перзентханадан шығарып алуға күйеуі мен туған-туыстары жиналған еді. Әнші әрі актриса сол шақта қыз күткенін, сондықтан ұлына әлі есім таңдап үлгермегенін айтқан болатын.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Екі ұлымның есімін отбасымызбен, ата-анамызбен ақылдасып қойған едік. Енді нағашы жақтағылар да “біз қоймаймыз ба?” деп сұранып жатыр. Мүмкін оқырмандарымнан да сұрап, жеребе тастап көрерміз”, – деген еді Салтанат “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында.
Бақаева расымен де инста-оқырмандарының көмегіне жүгінді. Ол үшінші перзентінің есімін желі қолданушылары ұсынған нұсқалардың ішінен таңдаған.
Сонымен Салтанат үшінші сәбиін Айтөре деп атағанын хабарлады.
“Иә, біздің есіміміз АйТөре! Сіздің жазғандарыңыздың ішінен таңдалып алынған есім! Пікірлеріңізге Рақмет!Кеше екі апасы мен атасы осы атқа тоқтады”, – деп бөлісті Салтанат инста-парақшасында.