Ақмешіт апталығы » Руханият » ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНДА ЖАРЫНА АРНАП ӘН АЙТҚАН ТӨРЕҒАЛИ ДҮЙІМ ЖҰРТТЫ СҮЙСІНДІРДІ (ВИДЕО)
ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНДА ЖАРЫНА АРНАП ӘН АЙТҚАН ТӨРЕҒАЛИ ДҮЙІМ ЖҰРТТЫ СҮЙСІНДІРДІ (ВИДЕО)
Күні кеше Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде Төреғали Төреәлінің үйлену тойы дүркіреп өтті. Дүбірлі тойға өнер әлемінің жарық жұлдыздары түгелдей дерлік қатысты. Ал жарын алғаш рет көпшілікке көрсеткен Төреш бұл тойда сүйіктісіне арнап ән шырқады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. “Менің Толқыным” әні – Төрештің төл туындысы. Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған туындының сазын да, сөзін де Төреғалидің өзі жазған. Көпшілік жұбайының қолынан ұстап, оған деген сезімін білдіруден жасқанбаған Төрешке тәнті болды. Алайда желідегі оқырмандардың бір тобы үш жылдан кейін той жасап жатқан Төреғалидің әрекетін “мақтаншақтыққа” теңеді.