"КҮЛПАШ КЕЛІН" БОП ТАНЫЛҒАН ЖІГІТ ӨМІРЛІК МАХАББАТЫН ҚАЙДАН ТАПТЫ?
Елімізге «Күлпәш» есімімен танымал әзілкеш Берік Тұрсынбеков әйелімен қалай танысқаны жайлы айтып, отбасылық құпиясымен бөлісті деп хабарлайды «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қос әртіс ең алғаш «Шымкент шоудың» кастингінде жолығыпты.
Берік - Шымкенттің жігіті болса, жары Қарлығаш - Қызылорданың қызы екен.
«Әлі күнге әзілдеймін. Қызылордадан өзің іздеп келдің деп. Басында екеуміз дос болып араластық. Кез-келген адамның бойынан адалдықты, сенім артуға болатын, әңгімең жарасатын қасиеттерді бағалаймын.О баста тік мінезді болатын. Бірақ бұл мінезінен әртістігі құтқарып қалды. Көбі «әртіс» деп кешіріммен қарайтын», - деді «Күлпәш» келіншегі жайлы.
«Ештеңе жасырмай майда-шүйдеге дейін айта беретінбіз. Ол маған сөз салған сәтте, мен күлдім басында. Сосын кездесуді бастадық. Берік бәрін романтикаға айналдырып жүретін.
Өзі сөзіне берік, бір сөзді. Бір айтқан нәрсесін орындайды. Сонысымен ұнады. Мен ойымда не бар соны ашық айта салатынмын. Осынша жыл ішінде Бекең өзіне қандай келіншек керек, соны жасап алды ғой», - деп ағынан жарылды жары.
Айта кетейік, өнер иелері бүгінде үш жігіт тәрбиелеп отыр.