Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ ҰЯСЫ

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ ҰЯСЫ

   Үлгілі отбасы – қоғам айнасы. Махаббатқа, сыйластыққа, береке мен бірлікке толы шуақты шаңырақтағы ерлі-зайыптылар бір салада қызмет еткеннің өзі бір ғанибет... Әсіресе, әскери адамдардың шаңырағы қалай болар екен?             
           Ел қорғауда олар уақытпен санаспайды. Күні-түні қызмет атқарады. Осы орайда әскери қызметшілердің бір күндік отбасылық өмірімен жіті танысу мақсатында №66597 әскери бөлімінің әйелдер кеңесі «Мықты отбасы – мықты мемлекет» тақырыбында шара ұйымдастырды.
      Сержант  Дархан Қырымов аталған бөлімде қызмет атқарады. Жас отбасы әскери қызметшілерге арналған қызметтік үймен қамтылған. Шаңырақ иелері бізді жылы шыраймен қарсы алды. Жары Ләззат Үскеева екеуі Әбілхан, Әбілмансұр, Аделия, Айсұлтан  атты балаларды тәрбиелеуде.
    Қазақ – қашанда ер азаматын құрметтеген халық. Әрдайым отағасын жоғары бағалайды. Шаңырақ иесі – Дархан Арал ауданының тумасы, сонда  №220 орта мектепте білім алған.
Дархан әскери міндетін Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданындағы №32039 әскери бөлімінде абыроймен атқарады. Қатардағы жауынгер Дарханның бойынан жауапкершілік пен тиянақтылықты байқаған командирлері келісім-шарт негізінде әскери бөлімде қызмет атқаруға ұсыныс білдірді. Міне, кейіпкеріміздің аталмыш саладағы өмірі осылай басталды. Антына берік, жұмысына ыждаһаттылықпен қараған ол сержант шеніне дейін көтерілді. Қазіргі күні 15 жылдан астам қызметін Қарулы Күштеріне арнаған азамат қазіргі әскери бөлімде еңбек жолын жалғастыруда.
   Өмірде ең маңыздысы – еліне еңбек еткені, отбасы құрып, саналы ұрпақ тәрбиелей білгені. Ол жары – Ләззат екеуі Шымкент қаласында танысып, 2009 жылы отау тігеді.
– Үлгілі отбасы болу үшін өмірлік жарың ақылды әрі төзімді, қызметіңе түсіністік таныта отырып, құрметпен қарауы керек. Бүгінде Алла берген төрт баламыз бар. Әкесі ретінде олардың тәрбиесіне уақыт табуға тырысамын, – дейді отағасы.
Ал, отанасының айтуынша, екеуі үнемі бір-біріне қолдау көрсетіп отырады. Сенім мен сезім бар жерде ғана кез-келген отбасы үлгілі үйге айнала алады.
 – Жалпы, әскери қызметшілерге мемлекет тарапынан және Қорғаныс министрлігінен әлеуметтік қолдау жоғарғы дәрежеде көрсетіледі. Тұрмыстық жағдайымызды өте жақсы деп толық сеніммен айта аламын. Кең сарайдай қызметтік үйіміз бар. Төрт баламызды мектепке, балабақшаға орналастыру жағынан ешқандай кедергі кездеспейді. Бәріне шүкіршілікпен қарап, алғысымды айтып отырамын, – деді жары Ләззат.  
   Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен береке-бірлік орын алған жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп ерлі-зайыптылардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне де байланысты екені байқалады. Отан қорғау жолында жемісті қызмет атқарып жүрген отбасында осындай әдемі жылылықтың лебі бар.
Лайым, осындай ынтымағы мол, бірлігі жарасқан, шаттыққа толы шаңырақ иелері көбейе берсе екен деген тілекпен қайттық. 
                                                                                                              Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
20 ақпан 2018 ж. 1 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам