ДИНАРА ҚЫРЫҚБАЕВА САХНАҒА ҚАЙТА ОРАЛМАҚ
Көптен бері жұрт көзінен алыстап қалған Динара Қырықбаева, сахнаға қайта оралуды қалайды. Әнші, соңғы үш жылдың ішінде алғаш реті сұхбат берді. Сонымен, Динара қазір қайда жүр?
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Өзім қазір күйеуге шыққанмын. Күйеудемін 3 жыл болды. Құдайға шүкір 2 балам бар, Айша деген қызым 2 жас төрт ай, және жақында ғана босандым, 5 ай, Бисұлтан деген жігіт”, – дейді Динара Қырықбаева.
Осылайша үлкен сахнаны отбасына ауыстырған Динара Қырықбаева, әзірше әсем әндерін тек бүлдіршіндеріне арнайды. Қолы-қалт етсе, әлеуметтік желіге жазба жариялауды да ұмытпайды.
“Сахнаға шықпасам да, мені ұмытпасын деп мені жанкүйерлерім инстаграмнан көріп жүрсін деп, көрсетіп жатырмын, не істеп жатқанымды, қайда барып жатқаным, қалай өзім тәрбие беріп жатқанымды қызыма-балама”, – дейді Динара.
Есесіне, «инста ана» атанған Динараның оқырмандары күн санап арта түсуде. Желіде отағасы мен бүлдіршіндерінің жүзін жасырмауды жөн көретін әнші, өзінің кейбір әріптестерін түсінбейтінін айтып қалды.
“Біреулер баланың түрлеріне жануарларды қояды, смайликтер қояды. Ол дұрыс емес, көрсетпесең мүлде көрсетпе!” – дейді Динара.
Ана бақытына бөленген Қырықбаеваның өнерге қайта оралуға ниетті. Әншінің бұл жоспарына жұбайы түсіністікпен қарайды.
“Күйеуге шыққанда менің жолдасым айтатын, мен саған бір жылда бір клип түсіріп беремін деген. Бірақ енді, үш жыл өтті. Мысалы, Зарина Омарова, Алсу, қанша қыздар бар, бала да туады. Сахнаға да шығады, үйде де отырады. Сондықтан, шыққым келеді”, – дейді Динара.