Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛЬМ РЕСЕЙДЕ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛЬМ РЕСЕЙДЕ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

    Қазақфильм түсірген «Пацаны зовут его Батя» деректі фильмі Севастополь қаласындағы XIV Халықаралық деректі фильмдерге арналған «Победили вместе» кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кинотуынды запастағы полковник, Ауған соғысы ардагері, Чернобль АЭС апаты зардабын жоюға белсене қатысқан, «Легион» әскери-патриоттық клубының негізін қалаған Батур Абдусаламовтың өмірі мен қызметі туралы баяндайды.  Режиссері - Айнұр Ахметжанова. «Аталған фестиваль Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қалалардың құрметіне Қырымда тұратын Кеңес Одағы батырларының ұсынысымен ашылған. Фестивальдің басты мақсаты - Еуразия кеңістігінде және басқа да елдердің кинокомпаниялары мен телеарналарының өзекті мәселелерге арналған деректі фильмдерін жинақтау және таныстыру. Қазақстандық режиссердің деректі фильміне «Жаңа тұлғаның образын ашқаны үшін» деп аталатын арнайы жүлде берілді», - делінген баспасөз қымзетінің ресми хабарламасында. XIV Халықаралық деректі фильмдерге арналған «Победили вместе» кинофестивалінің Бас жүлдесі Марта Прус есімді польшалық режиссердің «За гранью возможного» фильміне бұйырды. «Ең үздік қысқа метражды деректі фильм» жүлдесіне ресейлік Павел Фаттахутдиновтың «Письма с войны» фильмі қол жеткізсе, «Үздік деректі фильм» жүлдесін армян режиссері Армен Хачатрянның «Последнее желание» картинасы жеңіп алған. Айта кетейік, жас режиссер Айнұр Ахметжанова 1987 жылы 15 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қаракастек ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультетіне оқуға түскен . Сол білім ордасының магистратурасын Деректі кино режиссері» мамандығы бойынша бітірген.  2013 жылдан бері Айнұр Ахметжанова Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жұмыс істейді.

23 мамыр 2018 ж. 1 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 080 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам