ТӘУЕКЕЛ МҮСІЛІМ СҮЙІКТІСІН ТАНЫСТЫРДЫ

Актер сүйіктісінің әлі де жоғары оқу орнында оқитынын айтып, үйленуді бір-екі жыл көлеміне жоспарлағанын алға тартты.
"Қазір кездесіп жүрген қызым бар. Үйлену жағы белгісіз. Әлі оқу оқиды. Ол 18 жаста. Менен 11 жас кіші.
Бірақ 18 жастағы қыз деп айтпайсың. Өмірге деген көзқарасы тұрақталған.
Көбінесе ер-азаматтар анасына ұқсайтын қыз іздейді ғой. Мен оны алғаш көргенде әпкемді көргендей болдым. Маған мінезімен ұнады", - деп ағынан жарылды Тәуекел Мүсілім.