ТАНЫМАЛ ӘРТІС ӘЗІЛ ӘЛЕМІМЕН ҚОШ АЙТЫСПАҚ
Шмән апа – кемпір болудан шаршады. Осылай деген 30 жастағы әзілкеш енді комедия жанрымен қош айтыспақ.
Бұл танымал әртіс – Ерболат Төлеген. Иә, мойындаймыз, мықты пародист. Сондықтан болар, ел арасында Шмән апа деген лақап атқа ие. Ерболат әзіл әлемінен әлсін-әлсін қол үзбек, еп хабарлайд hittv.kz арнасы.
“Өнерде шекара жоқ. Мен қазір салмақты салихалы жобаға жүргізушілікке жүрмін. Бұл өзімді сынамаққа. Енді қиындау болса да көреміз”, – дейді әртіс.
Көпшілікке күлкі сыйлауға құмартқан саңлақтың – бірден байсалдылыққа бет бұрғаны бізді таң қалдырды. Әртістің айтуынша өзінің өзгеруіне тың телевизилық жобаның сапалы сценарийі әсер еткен. 40 минуттан тұратын бағдарлама сапалы сұхбат пен салихалы әңгімеге құрылған. Жаңа ұжымы жөнінде мардымды жауап айтпаса да, продюссерінің талабы таудай екенін қадап айтты.
“Жаңа жоба табиғаттың аясында болады. Көп қалжыңдап әңгіме айту жоқ. Мен күлкі сыйлаудан шаршадым. Талап тым жоғары. Халтураны қабыл алмайды. Бір жағынан қуанам. Менің өміріме қатты әсер етті”, – дейді әртіс.
Естеріңізде болса Ерболат Төлегеновтың соңғы жазбасы әлеуметтік желіні- біраз шулатқанды. Онда шалқар мазарының маңында мейрамдатқан жұлдыздар жайы еді. Бұндай жазбаны қалжыңқой жігіттен көпшілік күтпеген-ді.