Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚБОТА КЕРІМБЕКОВА ҮШІНШІ КҮЙЕУІНЕН ДЕ АЖЫРАСЫП КЕТКЕНІ РАС ПА? ӘНШІ ШЫҢДЫҚТЫ АЙТТЫ.

АҚБОТА КЕРІМБЕКОВА ҮШІНШІ КҮЙЕУІНЕН ДЕ АЖЫРАСЫП КЕТКЕНІ РАС ПА? ӘНШІ ШЫҢДЫҚТЫ АЙТТЫ.

   Мұңға толы әндерді жиі орындайтын Ақбота Керімбекованы көпшілік "тағы да жұбайынан ажырасып кеткен" деген ойға қалды. Тіпті оқырмандарының бірі әншіге күйеуге тие бермеуге кеңес берген. Желі қолданушысының сөзі көңіліне тиген әнші оған жауап қайтарды деп жазады NUR.KZ.
Керімбекованың парақшасына жазылушылардың бірі әншінің "Мен сені ұмытқам" атты әніне арналған видеоға пікір жазып, оны жазғырған.
"Несін жасырасыз? Айта берсеңізші. Халық бәрібір шындығын біледі. Өзіңізге байланысты ән ғой", - деп жазған.
Ал енді бір оқырман: " Күйеуді бақытым демесеңіз, той жасап, бақыттымын деп неге жар салдыңыз? Әлде сіз үшін күйеуге тию "ойын" ба? Дұрыс емес нәрсені бетке айтқан дұрыс. Ержеткен ұлдарыңызбен енді тұрмысқа шықпаңыз, Сізге "Ботанікі дұрыс" деп отырған осы жердегі оқырманыңыз басқа қыз осылай жасаса "бәрі жаман емес, өзіңнен де бар ғой" деп жарыса жауап берері анық. Менде сізді көреалмаушылық жоқ. Тек ащы шындықты айттым", - деген.
Ақбота Керімбекова өз кезегінде "Біреулер үшін күйеу бақыт шығар. Маған осы өмір бақыт. Мен бақытты адаммын", - деп жауап қайтарған.
Айта кетейік, үш ұлы бар әнші өткен жылы өзінен бірнеше жас кіші азаматқа тұрмысқа шыққан болатын. Осыған дейін де екі рет босаға аттаған Керімбекова ақ көйлек киіп, тойларын өткізді.
Кейінірек әнші жаңа күйеуімен ара-қатынасының жақсы емес екенін де мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Ақбота Керімбекова "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа жан сырын ақтарған еді. Әнші осы сұхбатында үшінші күйеуі мен отбасы жайлы жайып салған болатын.
22 қазан 2018 ж. 3 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам