ТӨРЕҒАЛИДІҢ ФИЛЬМІ 3 КҮНДЕ 100 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСА ҚАРАЖАТ ЖИНАДЫ
Өткен аптада көрерменге жол тартқан “Ұлы дала комедиясы” фильмі кассалық көрсеткіш бойынша алға шықты. Төреғали Төреәлінің фильмі бір ғана демалыста 101 миллион теңгеден аса қаражат жинаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Нақтырақ айтатын болсақ, Ұлы дала баласының киносы 18-21 қазан аралығында 101 223 360 теңге ақша тапқан.
Айта кетейік, аталған фильмге Төреғалидің әкесі Төреәлі Төлепов продюсерлік еткен. Комедия жанрында түсірілген картинаның режиссері – Дархан Сәркеов.
Ал Америка мен Қытай бірігіп түсірген “Веном” картинасы бұл демалыста 61 миллион теңгеден аса қаражат жинапты. Режиссер Рубян Фляйшердің туындысының бұл үшінші аптадағы жетістігі. Үшінші орынға 34 миллион теңге көрсеткішпен “Хэллоуин” картинасы жайғасқан.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ерке Есмахан да өзінің тырнақалды фильмінің тұсауын кескен болатын.