ӘЛИ ОҚАПОВТЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН

Оқапов басынан өткізген қорқынышты сәтті өз аузымен баяндап берді.
"Мен ол жерге қайта түскім келмейді. Өте қорқынышты. Суық. Мені түсірілім барысында көме бастады. Тіпті табыттың бетін жауып, сыртынан топырақ септі", - деді әнші.
Әншінің айтып отырған қорқынышты сәттерінің барлығы жаңа фильмнің түсірілім жұмыстарында орын алған екен.
Айта кетейік, Әли Оқапов - Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаеваның тұңғышы. Әншілікпен композиторлықты қатар алып жүрген Әли бүгінде 27 жаста.