ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН FORBES ЖУРНАЛЫНЫҢ ТІЗІМІНЕ КІРДІ

MTV Music Awards, Top Chinese Music Awards, Hollywood Music In Media Award – бұл Димаштың қоржынындағы халықаралық жүлделердің бір бөлігі ғана. Дәл осы себепті әйгілі басылым қазақ баласын табысты жастардың тізіміне қосуды жөн деп тапқан.
Халық арасында “Әминка-Витаминка” танылып кеткен блогер Әмина Малғаждар табысты жастардың қатарына кірді.
“Қазіргі кезде Әмина жалғыз өзі де, Әдиямен бірге де подиумдарға шығып тұрады. Бірақ, «Антенаның» атынан шыққан, және оның бренд-амбадассоры болғанды мақтан тұтамыз”, – дейді Әминаның анасы Арай Малғаждар.
Табыстылар тізіміне енген жалғыз вайнер Әмина емес. Танымал «Yuframe» тобы да бар.
Сондай-ақ, белгілі актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова табысты жастардың қатарына кірді.
“Қазақ кинотарихында «Жаужүрек мың бала», «Бизнес по-казахски» және мен продюсерлік еткен «Брат или Брак» атты картиналар ең табысты саналады. Үшеуінде де негізгі рөлді сомдадым”, – дейді Құралай.
Forbes басылымы ерек тізімді әзірлеуде хип-хоп орындушыларын да ұмытпапты. Атышулы рэпер Скриптонит пен Jah khalib та табысымен таңқалдырғандар қатарында.