ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ЖҮЗДЕГЕН АДАМ КЕЛГЕН
STAN хабарлайды:
17 қарашада Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың есімімен аталатын көлемі жағынан екінші үлкен мешiт ашылды. Алла үйінің ашылуы салтанатына жүздеген адам келген. Бір мезетте 2000 адам сыятын мешіт Дінмұхамед Қонаев атындағы "Сауап" қоғамдық-қайырымдылық қорның қолдауымен салынған.
Қор қайырымды жандырды игі іс жасауға шақыратын жобаны 2012 жылы жариялап, құрылыс 2015 жылы басталған еді. Мешіттің бой көтеруіне үлес қосқандар арасында, бюджеттік ұйым қызметкерлері, бизнесмендер, қарапайым халық, зейнеткерлер тағы да басқа жандар бар.
Ал бүгін Қонаев атындағы мешіттің ашылуына өзге қалалар мен Алматыдан жүздеген адам жиналған. Олар Дінмұхамед Қонаевтың елге жасаған жақсылығын еске алып, қазіргі жастардың өзі көрнекті мемлекет қайраткерін өміріне қызығушылық танытатынын атап өтті.
"Димекең қазақстандықтардың есінде Халық ол кісіні жақсы көреді. Жастар оған қызығушылық танытып, ол турлы мәлімет іздеп жатады. Дінмұхамед Қонаев тарихта өшпес із қалдырды. Біздің мемлекетіз және халық үшін көп нәрсе жасады" , - деп еске алды Қонаевпен қызметтес болған тұлға.
Айта кетейік, мешіт мұнарасының биіктігі 29 метр. Жалпы ауданы 1600 шаршы метр. Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Қонаев атындағы мешіт сыйымдылығы жөнінен Орталық мешіттен кейінгі екінші орында тұр.