Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әбдіжаппар Әлқожа: Қазір менің әнімсіз қазақтың тойы өтпейді

Әбдіжаппар Әлқожа: Қазір менің әнімсіз қазақтың тойы өтпейді

    Жақында Әбдіжаппар Әлқожа “Жыл таңдауы” ұлттық музыкалық жүлдесінен қағылып, ұйымдастырушыларға ренішін жеткізген еді. Десе де көп ұзамай әншінің өкпесі басылған. Өнер иесі үшін ең бастысы – халықтың махаббаты, деп жазады Stan.kz.
“Бермесе де, маған бір тиын. Халықтың баласымын, халықтың алдында Әбдіжаппар деген атым бар. Енді адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады деген нәрсе ғой бұл жерде”, – дейді әнші “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында.
Бүгінде Әбдіжаппарды көпшілік “тойдың әншісі” санайтын көрінеді. Алғашқыда бұл тіркесті естігенде әншінің денесі тітіркеніп кеткені рас. Әйткенмен енді Әлқожаның бұл сөзге де еті үйренген.
“Қазақтың тойы менің әнімсіз өтпейді қазір. Желідегі пікірлерге қарасам да, солай. – Сен тойдың әншісісің, – дейді. Сол сөз өте қатты тиді маған.
– Әбдіжаппар тойды бермей жүрген әнші, тойларда хит қой, – дейді. Мен оған қуанамын. Тойдың әншісі дей берсін, бірақ менің әнім сапалы ғой. Біреу үшін білмеймін, өзім үшін сапалы. Менің әнімнен, сөзден, аранжировкадан сын тапқан адам, алдыма келсін. Егер таба алса, әрине?! Таба алмай ма, маған артық әңгіме айтпасын. Өйткені әркім өз жұмысын біледі”, – дейді Әбдіжаппар Әлқожа.
10 желтоқсан 2018 ж. 1 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам