РОЗА ӘЛҚОЖА ІНІСІНІҢ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰПИЯСЫН АШЫП ҚОЙДЫ
2017 жыл – жұлдызды келіншектер жылы болды! Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Ернар Айдар сынды хитмендер қалың көпшілікке әйелдерін көрсетті. Бұл ретте жеке өмірін жұрттан жасырып келген әнші Әбдіжаппар Әлқожаның да құпиясы ашылды. Әбдіжаппардың отбасы туралы оның әпкесі Роза Әлқожа айтып қойды.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Роза Әлқожаның айтуынша, Әбдіжаппар жеке өмірін жасыруға тырыспаған. Бар болғаны алдымен, әнші болып танылуды көздеген.
“Әбдіжаппар жасырған жоқ, “Хабар” телеарнасына Толқын Сейдоллақызы шақырған кезде жарын алып шықты. Ол кезде танымал болған жоқ, содан ел білген жоқ. Ал негізінде мен өзім Facebook-те құттықтап салдым. Одан кейін өзі айтты: “Мен әнші ретінде танылайыншы. Сосын сала бересіз”, – деп. Оны кімнен жасырамыз? Жігіт адам болған соң, дұрыс жігіт болса, оның отбасы болуы шарт қой. Бәрі өз орнымен болған. Құда түсіп барғанбыз”, – деп атап өтті Роза.
Бұдан өзге, Роза Әлқожа шаңыраққа келіннің қашан түскенін айтты. Екі жыл ішінде інісінің екі перзент сүйгенін де жасырмады.
“Той екі жыл бұрын болған. Өзіміздің Шымқалада, “Екі жұлдыз” деген тойханада атап өттік. Қазір кішкентайлары бар, екі ұлы бар”, – дейді Роза Әлқожа.