“Махаббат бекетінде” Оралдың рөлін ойнаған актер отбасы жайлы айтып берді
Осыдан 26 жыл бұрын түсірілген “Махаббат станциясы” фильмі Баян Алагөзованың жұлдызын жақты. Гүлназдың рөлін сомдап, танылған актриса өсе келе шоу-бизнес әлеміне бет бұрды. Ал кинодағы Орал мен Жеңісті сомдаған актерлер бүгінде көпшілік көзінен тасада жүр. Олар немен айналысады?
“Шындығында біз бір-біріміздің қай салада қызмет ететінімізді, сырттай біліп жүрдік. Осыдан біраз уақыт бұрын, Бөпеш Жандаевпен бірнеше жобаларды бірге атқардық. Ол қоюшы-суретші болды. Сондықтан, күнде кездеспесек те, арамыз қатты алшақтаған жоқ”, – дейді Бян Алагөзова.
“Біз жылы амандасамыз, кездескен кезде. Бірақ біздің жұмыс жүрген саламыз әр түрлі. Мен театрда. Мен театрмен айналысамын. Баян болса, кино мен шоу-бизнес. Менің оған қатысым жоқ!” – дейді Оралдың рөлін сомдаған актер Кубанышбек Адылов.
Гүлназдың ғашығы Оралдың кейпі көзі қарақты көрерменнің есінен кеткен емес. Ал бүгінде жасы 40-тан асқан актер отбасылы азамат, жанұясында – ардақты әке, сүйікті жар!
“Отбасым бар. Үш қызым бар. Жолдасым бар. Жолдасым М. Әуезов театрында жұмыс істейді. Мені танитындар біледі”, – дейді Адылов.
“Махаббат бекетіндегі” ғашықтар былтыр “Тағдыр бекетінің” түсірілім алаңында қайта жолықты. Ал 25 жылдан кейін бас қосқан актерлер бір бірлерін түсіне алды ма?
“Мен актер болған соң, ондайға қарамаймын. Қиын ба, қиын емес пе. Түсірілім алаңына шығасың да, істейсің. Ол мамандық қой, біздің өзіміздің істеп жүрген нәрсеміз ғой”, – дейді Кубанчыбек Адылов.