Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ел Төреғалидің тоқалы деп болжаған актриса өз шындығын айтты

Ел Төреғалидің тоқалы деп болжаған актриса өз шындығын айтты

    “Ұлы дала комедиясында” басты рөлді сомдаған Мадина Оспанды кей адамдар Төреғалимен жұптастырып қойды. Оған себеп болған Мадинаның сүйікті адамымен түскен суретін жариялап, “ТТТ” хэштегін белгілеуі. Фотода жігіттің жүзі жасырылған. Сондықтан да жұрт ұзақ ойланбастан оны Төреғали деп ойлады. Алайда шын мәнінде олай емес.
Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Екеуміздің сөйлесіп жүргенімізге, бірге болғанымызға 5 жыл болған. Жақын арада той жасаймыз деп жүрген болатынбыз. Бірақ осы жаңалықтардан кейін өкінішке орай, екеуміздің арамыз үзіліп кетті”, – дейді Мадина Оспан.
Жас актриса бұл жерде Төреғали жайлы емес, өзінің сүйіктісі жайлы сөз етіп отыр. Айтуынша, отандық басылымдардың бірі оны “Төреғалидің тоқалы болуы мүмкін” деп жариялағаннан кейін, сүйіктісі екеуінің арасы бұзылған.
“ТТТ” деген хэштегті мен бұл киноға түспей тұрып та фотоларымның астына белгілеп қоятынмын. “Т” деп қоятынмын, жүрек қойып “ТТ” деп қоятынмын. Бірақ адамдар кинодан кейін ғана байқай бастады. Менің жеке өмірімде жолдасымның инициалы үш “Т”. Аты-жөні солай.
Осы күнге дейін біз үшін үйреншікті болатын. Мен ешқашан басым бос емес екенін жасырғым келмейді. маған басқа жігіттер жазбай-ақ қойсын, олар менің адамым бар екенін білсін деп”, – дейді Мадина.
Актриса қыз атына қара күйе жағылғаннан кейін Төреғалиден де, оның ата-анасынан да қатты ұялғанын айтты. Себебі “Ұлы дала баласын” ол өнердегі әріптесі әрі ағасы ретінде көреді екен. Ол, тіпті, атына кір келтірген басылымды сотқа беруге ниеттенген. Алайда мұндай жағдайларға еті үйренген Төреғали оны тоқтатқан көрінеді.
04 ақпан 2019 ж. 1 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам