КешYou-дің жаңа құрамы домбырада ән шырқап, көпті таңдай қақтырды (видео)

КешYou-дің жаңа құрамы Ұлттық арнаның “Таңшолпан” бағдарламасында қонақ болып, өздерін таныстырды. Олар хабар барысында домбырамен әйгілі “Есіңе мені алғайсың” әнін орындады. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған бұл туындыны кезінде Мәдина Ералиеваның орындағанын айта кетейік.
Жас қыздардың өнерін тыңдармандар да бағалап үлгерді. Елдің пікіріне зер салсақ, Баян Мақсатқызы бос уәде берген жоқ деп топшылауға болатындай.
“Нағыз алтын құрам деп осыны айт”, “КешYou-ге осындай әндер жарасады”, “Нағыз қазақылық, шырқа, шырқа домбыра”, “Супер”, “Дауыстары әдемі екен, қазақша бағытта дамытыңыз”, – деп жылы лебізін білдірді желі қолданушылары.