Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жазира Байырбекова сымбатты ұлына жар болатын қыз іздеуде (фото)

Жазира Байырбекова сымбатты ұлына жар болатын қыз іздеуде (фото)

  Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова жалғыз ұлы Қазбекке иманды жар іздейтінін айтты. Бұл туралы әншіInstagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
Жанұясының көбейгенін қалаған Байырбекова ұлының бар жақсы қасиетін айтып, мақтанған.
"Қазбек жалғыз өскен жоқ. Әлі күнге дейін ұлым, күйеуім үшеуміз ғана тұрып көрген емеспіз. Жәкең екеуміз де көпбалалы отбасынан шыққан соң бауырларымыз, олардың бала-шағалары үйімізде тұрып келеді.Айтайын дегенім, Қазекем (әзірге) жалғыз перзент болса да ерке емес. Сабырлы, адал, ақылды. Мен бүгінде осы жігіттен үлгі аламын, арқа сүйеймін. Кейде маған қамқорлық көрсетіп жүргенде менің ағам, әкем сияқты, болып кетеді."Өзің сияқты жаны таза, адал, кішіпейіл, иманды қыз табылса биыл үйленші. Көбейейік" - дегенмін. Жымиып қойып үндемей жүр. Соған қарағанда қызы жоқ-ау деймін. Жақсы, лайықты басы бос қыз болса парақшасын белгілеңіздерші", - деген әнші.
Оған қоса, әнші үйінде ұлынан басқа екі қайнысы бар екенін де алға тартқан.
Жұрт төрт сағат бұрын ғана жарияланған жазбаға 1000-нан аса пікір қалдырыпты.

13 ақпан 2019 ж. 2 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам