Батырхан Шүкеновтің анасына ұлына тиесілі медаль табыс етілді
Батырхан Шүкенов 1983 жылы соғыстағы жауынгерлерге қолдау көрсету үшін ұйымдастырылған Ауғанстандағы концерттерге қатысқан болатын. Оған 1999 жылы әскерлердің Ауғанстаннан шығарылуына 10 жыл толуына орай «Ауған соғысының ардагері» марапаты берілуі керек еді. Бұл медаль ұзақ уақыт бойы Қазақстанның орталық мемлекеттік мұрағат қорында сақтаулы тұрды.
Биылғы жылы ол медаль Батырхан Шүкеновтің шығармашылық қызметі басталған «Қазақконцерт» мекемесіне табысталды. Ал, «Қазақконцерт» басшылығы Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30-жылдығын мерекелеу және қазақ композиторын, әрі әншісін еске алу құрметіне кеш өткізіп, батырға тиісілі медальді анасына табыс етті. Салтанатты шарада сахнадана Батырхан Шүкеновтің әні шырқалды.
