Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Анасының аяғын сүйген Ердос Қанаев елдің көзіне жас келтірді (видео)

Анасының аяғын сүйген Ердос Қанаев елдің көзіне жас келтірді (видео)

    “Жігіттер” квартетінің әншісі Ердос Қанаев туған күнінде анасының өзіне жасаған жақсылықтарын еске алды. Өнер иесі бұл күні өз жетістіктерін айтып мақтанғысы келмеді. Ол өзі үшін барын берген анасына алғысын жеткізіп, оның аяғынан сүйді, деп жазады Stan.kz.
“Жігіттер” квартетінің серісі анасының аяғын жуып, сүйген видеосын желідегі парақшасына жүктеді.
“Әлxамдулилләh. Біздерді жоқтан бар еткен Раббымызға сансыз мадақтар мен шүкірлер болсын. Жоқ едік, бар қылды. Бір тамшы судан жаратты. Қажетімізді сұратпай берген Раббыма сансыз мақтаулар болсын. Бүгін,”Дүние есігін аштым” – деп қуанып жатырмыз ғой, туған күнім деп. Бірақ, өздігімнен келе салмаппын бұл өмірге. Раббым, Анашым Жаннатымды себепші етіп, дүниеге келуімді осы бір кішкентай жан арқылы қалаған екен. Бұл жан мені 9 ай 10 күн қиналып көтерді. Одан кейін 2 жыл емізді. Жыласам бірге жылады. Күлсем балаша қуанды. Құласам тұрғызды, ауырсам бар мейірімін төгіп емдеді. Түндерде ұйқы бермедім, ұйқысыз күндер өткізді. Елден қалдырмай киіндірсем деді, жұрттан қалдырмай оқытсам деді. Осы балам адам болса деді. Ешкімге қол жаймаса екен деді. Сөйтсем, айта берсем бұл жанның маған жасамаған жақсылығы қалмаған екен дә, субxаналла. Енді келіп, түк болмағандай бүгін менің туған күнім деп өзімді салып қоя салуыма болар еді. Бірақ, бірақ…
Барлық құттықтауға лайық осы Жан екен. Мен үшін қаншама бейнет шекті. Ана екі қолы мен екі аяғы біздердің осы күнге жетуімізге не істемеді десеңізші…. Отынды шапты, малды да бақты, гектар огордты да шапты, жұмысына үлгерді. Әйел қырық жанды деген рас екен ғой субxаналла. Сол біздер үшін тілім-тілім болған аяғын мен сүймесем кім сүйеді? Өзі өмірге алып келген баласынан осындай жақсылық көре алмаса біздің кім болғанымыз. Мұсылмандығымыз қайсы? Өйткені…” Жәннәт-Ананың табанының астында” – деген Пайғамбарымыз с.а.с. Аналарымыз осы өмірдің есігі болса, Ақыретте жәннаттың есігі болады. Аналарымызды құрметтейік! Көп раxмет баршаңызға. Түған күнім құтты болсын”, – деді ол.
Желі қолданушылары Ердостың бұл әрекетіне қайрат қалып, көздеріне жас алғандарын атап өтті.
“Не деген құрметті пост. Оқып отырып жылап алдым. Анаңыз 100 жасасын. Сіздердің қызықтарыңызда жадырап, жайнап жүре берсін. Туған күніңіз құтты болсын. Аллаһтың сүйген құлы болыңыз”, – деді бірі.
“Көзіме жас келді, барлық ұрпақ сіздей болсын”, – деді екіншісі.
25 ақпан 2019 ж. 1 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам