Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » “ЖІГІТТЕР” – ДІҢ ҚАЙСЫСЫ ТҮРМЕГЕ ОТЫРЫП ШЫҚҚАН?

“ЖІГІТТЕР” – ДІҢ ҚАЙСЫСЫ ТҮРМЕГЕ ОТЫРЫП ШЫҚҚАН?

    “Жігіттер” квартетінің құрамындағы ән айтатын Бағлан Абдраимов өз өмірінің өткен шағы туралы инстаграмм парақшасында  айтып берді.
«Чықы – чық»  деп, өмір сүру лентамыз кері айналып бірақ шықса! Сол баяғы Шымкенттегі біз тұрған «Колос» мөлтек ауданындағы 1 – бөлмелі пәтерімізге оралсақ… Сотывый телефонға анда – санда «шыр» етіп қоңырау келетін. Сол шырылдан соң Әбдіхан ағайымыз уйге келіп, ауылға шөп жинауға асарға шақырды. Үш жігітті түнделетіп Шаянға ап кетті. Мен экзамен тапсырып болып, мендегі сотывыйдан босағанда звандап, түске дейін жетемін деп келістік. Сол күні түнде жігіттердің орнына “Ақбота” кафесінде музыкант болып жұмыс жасадым. Таныстар көп келіп қаттырақ тойлап қойдық. Кафе жабыларда төбелес шығып, таңға жуық милициядан бірақ шықтым. Келіскен уақытқа мен келмеген соң Мейірхан аға ( Әбдіхан ағайдың інісі) мені іздеп кафеге келген. Түнде болған жағдайды естіп, әзір шықпайтыным белгілі болған соң Әбдіхан ағайға хабар берген ғой. Жігіттер поляда шөп жинап жүр. Әбекең түскі тамақ әкелем деп ауылға кеткен. (по идее мені ерте келу керек) Маған қатты ашуланып поляға келеді. Мен жоқпын. Жалғыз келе жатқан Әбекеңді көрген де түрлі сұрақтар жаудырған ғой, Айдар! – Бағлан қайда ағай, қаладан келмеген бе? кеше келісіп едік қой!? Әбеке: – Жоқ ол!
Еркін: – Қалай жоқ, не боп қалды?
Әбекең: -«Түнде кафе де төбелесіп өліп қапты» деп, ашумен айта салады.  Сонда жігіттер үнсіздік ұстап қалған да, Ердос бірінші «Ой – бой, бауырем» деп, шапкасын шешіп жылаған ғой. Айдар, Еркін қатып қалған. ( тас жүректер). Ойнап айтам деп, Жігіттерді шын сендіріп алған ғой, ағай!) Жігіттерім шындап жоқтауға кіріскенде; – “өтірік айтам, е! Оңбаған тірі ол, үнемі бірдеңе ге ұрынады да жүреді. Қалдырмай ап кету керек еді, біліп едім” дейді. (Оның алдын да анау біреудің машинасын төнкердім.) Олар шөп жинап қалаға келді, мені сол тағы да Мейірхан аға “құтқарушы” милициядан шығарып алды. Қайта тіріліп келгендей үшеуі қатты – қатты құшақтап амандасты. Пәтерімізге барып «жігіттердегі” өмірімізді қайта жалғастыра бердік. Әлі келе жатырмыз. Мына номерді көрген соң өткен күндер еске түсіп кетті. Қызық естеліктер көп. Арасын да жазам, ия?  Звандап тұрыңыздар!
16 наурыз 2018 ж. 2 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам