Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қабатов тойда болған келеңсіз жайтты жайып салды

Қабатов тойда болған келеңсіз жайтты жайып салды

    Тұрсынбек Қабатов өзі асаба қызметін атқарып жүрген тойлардың бірінде болған келеңсіз жағдайды айтып берді. Әзілкеш мейрамхана ортасында аударылып қалған тортты көріп, оны әзілге айналдыру арқылы тығырықтан жол тапқан деп жазады "Salem show" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қабатовтың айтуынша, ұзату тойындағы тәтті нан жастардың алдына жете бергенде даяшы тортты жерге құлатып алады.
"Бір тойда бір қызық болды. Ол енді ертеректе болған. Ол уақытта желі жоқ. Қазір жақсы көретін ағам. Мейрамхананың ортасына торт шығару сол уақытта енді шығып жатқан кез еді.
Ол уақытта бірнеше қабатты торттар емес, қарапайым. Екі жас орнынан тұрып, мәз. Тортқа шамдар жаққан, даяшы сүйреп келе жатыр. Бір кезде жастардың алдына жете бере оператордың сымына сүрініп, торт жерге құлайды ғой.
Екі жастың түрі бұзылып кеткен, қонақтар шок алған. Ол кезде тортты құлатып алу деген кәдімгі....
Қазір ғой тортты ата-бабамыздан қалғандай көреді. Қыздың түрі өзгеріп кеткен. Жарық жанғандай болды. Қарасам, торт пенопласттан жасалған екен.
Сөйтсем, торттарды қазір пенопласттан жасап, тек кесетін жеріне ғана кішкентай торт қойып қояды екен. Сыртының бәрін майлап, әдемілеп қояды екен.
Қарасам, езілмеген екен. Жарық жанғаннан кейін, "бұл жастарға арналған ойын. Бұл пенопласт. Әдейі жасалған" дедім.
Ұзатылатын қыз жылап жатыр еді, енді жігітінен ұялып тұр ғой. Музыка ойнап кетті. Жастарды ортада билетіп, бәрі мәз.
Сосын ата-анасы "Не істейміз?" дейді. Тойдың ортасы болғандықтан, аяқталғанша басқа кондитерлік орталықтан торт алдырып үлгердік.
"Міне сендердің торттарың. Бұл пенопласт емес. Ортада осыны кесіңдерші" деп, құтылып кеткенбіз. Кейін бәрі торт құлатқыш болып кетті ғой", - деп күлді Тұрсынбек Қабатов.

08 мамыр 2019 ж. 1 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам