Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ ЕСІРГЕН ЖАСТАРДЫ СЫНҒА АЛДЫ

АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ ЕСІРГЕН ЖАСТАРДЫ СЫНҒА АЛДЫ

  Танымал актер Азамат Сатыбалды есіріп жүрген кей жастарды сынап тастады.

Соңғы кезде,туған күні болған адамның бетіне торт басу деген шығыпты. Бұл енді кесірлік.
Ойланыңдар адамдар. Сонау 32-37 жыл аралығында ашаршылықтан өлген қандастарымыз торт емес бір үзім нанға зар болып кеткен.
Аштықтың қинағаны соншалық адамның етін жегендер де бар. Қамауда отырған Алиxан Бөкейxановтың арxивте сақталған xатында “бүгін оразаның пәленшесінші күні, аузымды ашатын ештеңе болмаған соң сумен ашып, сумен аузымды бекіттім” деп жазған екен. Осындай арыстарымыздың ұрпақтары нанмен ойнап жүргені қалай? Қанша аға апаларымыз бір үзім нан үшін өліп кетті. Қанша қандастарымыз бір тойып тамақ жемей өмірден өтті.
Соғыс кезінде аналарымыз бидайды қуырып балаларын асыраған және сол қырманнан алған бір уыс бидай үшін атылған,ал түрмеге отырғаны қаншама.Болашақ ұрпағымыз нанмен ойнасын деп бабаларымыз жанын қиған жоқ шығар. Кесір ұрып кетпесін бізді бауырларым. Астан аттамайық, нанмен ойнамайық. Қарнымыз тоқ, қайғымыз жоқ болғандықтан ғой өстіп есіріп жүргеніміз. Аш болсаңдар көрер едім бетке торт басқандарыңды. Қайран тоқшылық.
Аш адамның алдында тойып тамақ жегенің, ал кедейдің алдында байлығың туралы сөз қозғама деген атам қазақ. Астамшылықтан АЛЛА бізді сақтасын. Ысырап жасамайық ағайын. Еліміз аман,бейбіт күніміз баянды болғай”, – дейді актер желідегі парақшасында. 
“Өте орынды, қазақ өнерін дамыту керек. Көзі ашық сіздей азаматтың барына өте қуаныштымын”, “Алла Тағалам бастаған ісіңізге береке берсін!!!Қазақ өнері өрлей берсін! Тың дүниелеріңіз көп болсын!!!” деп жазды желі қолданушылары.
Соңғы уақытта жастар арасында осындай үрдіс қалыптасқан. Достары жиналып туған күн иесінің бетіне тортты бір-ақ кигізіп, жеуге жарамайтындай қылып тастайды. Ол үшін туған күн иесі ешқандай реніш білдірмейді.
http://stan.kz
30 қаңтар 2018 ж. 1 787 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам