Ғалымдар мезгілсіз өлімнің алдын алатын бірден-бір әдісті атады

Мақалада жазылғандай, көптеген адамдар жұмыс күндері дене шынықтыруға мән бермей, жаттығуды сенбі немесе жексенбі күндеріне қалдырады. Осы уақытқа дейін ғалымдар мұны құптамайтын, алайда ұлыбританиялық мамандар демалыс сайын спортпен шұғылдану ағзаға жағымды әсер ететінін анықтапты.
Ғылыми топ 63 мың адам туралы деректерді саралады. Олардың бәрі аптасына екі рет спортпен шұғылданған: 150 минут байыппен дене жаттығуларын жасау немесе 75 минуттық интенсивті жаттығу. Белгілі болғандай, мұндай физикалық жаттығулар мүлдем спортпен шұғылданбайтын адамдармен салыстырғанда мезгілсіз өлім қаупін 30 пайызға төмендетеді екен.
Бұдан гөрі спортпен жиірек айналысу әрі жаттығу ұзақтығын қысқарту ағзаға жақсы әсер етеді, деп санайды зерттеушілер. Тіпті аптасына 150 минуттан аз дене шынықтырумен айналыссаңыз да, созылмалы сырқаттардың алдын алуға болады екен.