Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мерзімінен бұрын қайтыс болуға жол бермейтін сенімді тәсіл анықталды

Мерзімінен бұрын қайтыс болуға жол бермейтін сенімді тәсіл анықталды

   АҚШ ғалымдары белсенділігі төмен, бір жерде тапжылмай отырып жұмыс істейтін адамдарға өмір жасын ұзартудың жолын көрсетті
АҚШ-тың Колумбия университеті ғалымдары белсенділігі төмен адамдардың арасында мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін төмендетудің жолын тапты. Белгілі болғандай, 30 минут тапжылмай отырғаннан кейін, жаттығу жасап, сергіп алу адам денсаулығына орасан зор пайдасын тигізеді екен. Бұл туралы MedicalXpress басылымында жазылған.
Мамандар 2009-2013 жылдары инсульттің жиілігін анықтау туралы зерттеуге қатысқан орта және егде жастағы сегіз мың адам туралы деректерді мұқият саралаған. Сонымен қатар, еріктілер төрт күн бойы белсенділікті бақылайтын құрылғыны тағып жүріпті. Ғалымдар 2017 жылға дейінгі өлім-жітім көрсеткіштерін есептеді.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 30 минут жеңіл-желпі физикалық жаттығу жасау мезгілсіз қаза қаупін 17 пайызға төмендетеді. Ал одан гөрі көбірек күш жұмсалатын жаттығулар өлім қаупін 35 пайызға азайтады екен.
Айта кетсек, тіпті бір-екі минут белсенді демалудың өзі адам денсаулығына зор пайдасын тигізеді. Ғалымдар жасаған қорытынды бойынша, ұзақ отырып жұмыс істеу керек болғанда, әр жарты сағат сайын жеңіл жаттығулар жасап, сергіп отырсаңыз, ағзаңызға ешқандай зияны тимейді.
https://ru.sputniknews.kz/

16 қаңтар 2019 ж. 1 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам