Тимур Бекмамбетовтің дертіне қатысты ақпарат жалған болып шықты
Тимур Бекмамбетовтің ауыр дертке шалдыққаны жайлы ақпаратқа"Bazelevs" компаниясының коммерциялық директоры Тимур Асадов пікір білдірді. Ол желіде тараған хабардың жалған екенін мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Бұл спам. Тимурдың денсаулығында кінәрат жоқ", - деді Тимур Асадов.
Mash-тың телеарнасының мәліметінше, Бекмамбетов осыған дейін қалқанша безін алдырып, қайта тексерістен өткен.
Айта кетейік, Тимур Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісіне үйленген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Mash Telegram арнасында Тимур Бекмамбетовтің ауыр дертке шалдыққаны жайлы ақпарат тараған болатын.