Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТИМУР БЕКМАМБЕТОВ МАРҚҰМ ДЕНИС ТЕННІҢ ИДЕЯСЫ БОЙЫНША ФИЛЬМ ТҮСІРЕТІНІН АЙТТЫ

ТИМУР БЕКМАМБЕТОВ МАРҚҰМ ДЕНИС ТЕННІҢ ИДЕЯСЫ БОЙЫНША ФИЛЬМ ТҮСІРЕТІНІН АЙТТЫ

Режиссер, продюсер Тимур Бекмамбетов Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің идеясы, киножобасының материалдары бойынша фильм түсіретінін айтты. Ол дарынды спортшының қазасы туралы естігеннен кейін, осындай шешімге келген.
Бұл туралы ТАСС Агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Соңғы уақыттарда Денис Тен киножобасын жүзеге асыруды жоспарлап жүрген.

Ол Screenlife форматында түсірілген фильмімен кино әлеміне қадам баспақ болған еді. Спортшының фильмі құлағы естімейтін бойжеткен мен мылқау жігіттің қарым-қатынасына арналған.

13 шілдеде Мәскеуде Денис Тен өзінің жобасын Screenlife Project халықаралық байқауының аясында таныстырған. Аталған байқауды Bazelevs пен режиссер Бекмамбетов ұйымдастырған-ды.

Мәнерлеп сырғанаушының қайғылы қазасы туралы хабарланғаннан кейін жанкүйерлері Тимур Бекмамбетовтен спортшының фильмін таспалауды сұрады.

Өз кезегінде Тимур Бекмамбетов Денистің идеясын жүзеге асыруға уәде берді. Ол фильмнің жан-жақты, дарынды тұлғаға арналатынын айтты.

Сонымен қатар режиссер марқұмның отбасына көңіл айтты.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.
20 шілде 2018 ж. 1 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 053 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам